Posted in

ҚАТУ (ҚАТУЛЫ) ҚАБАҚ

Ашулы, ызғарлы кейіп. ~ Өстіп жүргенді күндердің күнінде іңірлік дастархан басына Лима, Ұлжан Арасанбай үшеуін ұзақ күттіріп кешігіп келген Сәрсенбай өзімен бірге суық ызғар, мұздай қату қабақ ала кірді. Ә.Тар. ~ Бірден бөлімше бастығына алып келді. Майор қатулы қабақпен қарсы алды. Қ.Түм. ~ . Бүбісара жеңешесі қуанышын жасыра алмай қалған, ылғи шытылып жүретін қату қабақ жазылып, ақ мәрмәрдан қиғандай сұлу болса да жансыз көрінетін түсініксіз жүзі жадырап сала берді. Ә.Тар.