ҚАТЫН ЖОЛДА, БАЛА БЕЛДЕ Не нәрсе де өз ретімен бола жатар д.м. ~ Күй келеді! Күй келеді! Жалау көрінеді, Топ келеді. Заман туды! «Қатын жолда, Бала белде». Кеттім топқа! Жолымды оңда! (Тұра жөнеледі). Ж.Айм. ~ Күлзейнені алып кетпек болғанымды да Тағарға түйдіргенмін. Ол ақылына салып «мақұл, алып кетеміз» деген Тағар мені жұбатып: — Қалса атасының төрі! Қатын жолда, бала белде! — деді. Мұнысы маған біраз қайрат та болды. І.Жанс. ~ «Қатын жолда» деуші еді « бала белде», Аштан өлмек Асы бар жетпесе елге. Бір таба нан – Осы үйдің соңғы дәмі, Дастарханға оралулы жатыр жерде. С. Бая. ~ – Қайтеді? Қалыңдығыңды сағынып қалдың– ау деймін? – Қатын жолда, бала белде ғой, аға? Т.Рыс.
