ҚАТЫҚТАЙ ҰЙЫДЫ Жан-тәнімен беріле толас тапты. * Ұйыдым мен қатықтай, Бір өзіңе беріліп. Соның бәрі бақыттай Тұрар маған көрініп. С.Мәу. * Жылқылар тебіндеп жүр. Аяз. Маңай сүттей жарық. Ай нұры аймалаған қар. Қатықтай ұйыған айран іспетті. О.Бөк. ~ Алакеуім шақтың қатықтай ұйып түсетін қою тыныштығын қақ айырып, темірдің темірге екілене тиген шақ-шақ шыңылы ошарылған топқа әлдеқайдан сап ете қалған беймезгіл дүрбелеңнің жайсыз хабарын аттандатып жатыр еді. С.См.
