Posted in

ҚАУЕСЕТ ЕТТІ (ШЫҚТЫ)

ҚАУЕСЕТ ЕТТІ (ШЫҚТЫ) Сөз қылды, өсек таратты. * «Əттең, əнебіреуісі болмаса» деп жұрт қауесет етеді. Онысы не екенін шорт біле ме, əйтеуір, жігіт. Ж.Айм. * Жуырда «Амантай қашып кетіпті, мекені Бурабай тауының қалың қарағайының ішінде» деген қауесет шыққан. С.Мұқ. * Қалмекең біреуіне «Еңбек Ері», біреуіне «Халық қаһарманы» атағын алып беруге кірісіпті деген қауесет бар. Бізде қауесет шықпасын, шықты екен – пажалыста!.. Ғ.Қаб. * «Малын, дүние-мүлкін сыпырып алыпты» деген қауесеттер шығып, дақпырты Семей үйезіне жайылып жатты. С.Досж.