Лап етіп, тез жайыла бастады; кеңінен етек алды. ~ Бірді айтып, бірге кете бердім-ау. Іле мен туралы өсек
тұтанды. Бұл жолғы сыпсың бұрынғыдан да асып түсті. Қауға тиген өрттей лаулап, біраз жерді шарпыды.
Шешем келді са- лып ұрып, апаларым жетті ентігіп. Ө.Кәр. * Ал жуықта: “Ойбай, неғыласың, Мақау жынданып
кетіпті” деген қауесет қауға тиген өрттей лау ете қалды. О.Сәрс. ~ Осы сөз айтқан ант пен серттей болып, Тарады қауға тиген
өрттей болып. C.Тұрғ. ~ Сүлік қара ышқына шыңғырып, қауға тиген өрттей лапылдап көкке атылды. Н.Сам. * Түртіп , тістеп пәле
іздеп-ақ отыр. Сәл бірдеңе десем, жаны кіріп, қауға тиген өрттей дүр ете түспекші. Ондай рахат сыйлағым келмей ерегесіп,
жынды болсам да тілімді тас тістеп міз баққамын жоқ. Т.Сәу. ~ Айтты-айтпады, оның жасағының орта жүз арасына енуі қауға
тиген өрттей боп, қазақтар көтеріліс көсемінің төңірегіне тұс-тұстан ағыла бастады. C.Ақт.
