Posted in

ҚАЯУ КӨҢІЛ

ҚАЯУ КӨҢІЛ Уайымды, шерлі, әлденеге алаңдаған көңіл-күй. ~ Жолыққан аяулы атқа, ардақты ерге
Неткен жан шыдай алар мұндай шерге. Қашаннан қаяу көңіл сері Ақанға, Қайғырған
сияқтанды көк пен жер де. І.Жанс. ~ Жолаушы да жалғыз жортқан жабырқап, тыныс бітіп,
қапырық тылсым далада жылы орынға тез жетуге асыққан, қаяу көңіл, дел-сал болған
аурудай. С.Жүн. * Орал ағаның туындылары тоқпақ жалды торы атты аяңдатып, қара
күңгірт бейуақта сапар шеккен қаяу көңіл жолаушыға ұқсайды. М.Қаб. ~ Қорыққан адам
бұрын шабады, небір темір тепсе темір үзер Текебай тентектердің ішіне кіріп шықсаң, көбі
қаяу көңіл, жарымжан, жарты сандар. Әттең, олар кіргізбейді, сенің де кіргің келмейді – жан
тыныштық керек. М.Қаб.