Кірбің, реніш пайда болды. * Қашып шыққан Тарланкөктің денесіне дак, түйсігіне қаяу түсіп, азапты күймен келіп дамылдап тұрған сәті жаңағы болатын. С.Ғабб. ~ Көрген, сезген сайын олардың сеніміне қаяу түсіп, болашақ тұлдырлығына мойынсұнуға мәжбүр және немқұрайдылық белдеуін жағалауға өзінше қарсылық танытуға тырысып қылмыс әлеміне кірігуге ықтиярлы. Т.Әлж. ~ Хризостом оны қызғанады, оған күдік білдіреді, аралары алшақтап кеткеніне уайым айтады, сөйтіп осы арқылы Марсела жайында күмәнді ой қалдырып, оның жақсы атына қаяу түсіреді. М.Серв. ~ Жай кісі емес мемлекеттің сипатын айғақтайтын тұлғадан әділетсіздік көрген ол жалғыз адамға ғана емес мемлекетке деген сеніміне де қаяу түсіп, «Елім!» деген отаншыл сезіміне нұқсан келеді. “Дара сезім”. ~ Жұрт ду күлді. Ала шатырдағылар сыртқа алабұртып шықты. Тек төрт-бес сұлтанның ғана қабағына қаяу орнапты. Ә.Кек.
