Posted in

ҚАҒЫП АЛДЫ (ӘКЕТТІ)

Бірден ұқты, үйреніп алды. * Әнеукүні жұмыстан келсем, шахмат тақтасына тастарын орналастыра алмай дал боп отыр. Бір-екі рет көрсетіп ем, қағып алды. Зеректігіне жағамды ұстадым. М.Қаб. * Мен оған менсінбей қарап: “Сендей маубас дейсің бе? Бір естісем қағып аламын” деп мақтанып та үлгердім”. М.Әбді. * – Оу, аймаңдайлы қарындас! Сәл аялдаңызшы, айтар сөзім бар! – деді дауыстап. Сол сәтте қыз мұның сөзін қағып алса керек … Ж.Аязб. * Қамшыны балаларына да, қазақ әскерлерге көрсетіп, ‹‹зерек, жұлымыр бала екен, үйреткенімді қағып әкетті›› деп алқап әлек болды. Б.Жұм.