ҚАҒЫП АЛДЫ (ӘКЕТТІ) Шала естіді, дұрыс ұқпады. * Құдай қайта кездесуге жазып, төрт көздері түгел күйінде көретін болсам, алғыстан басқа айтарым болмас,-деді күрсініп.«Мынау не айтып отыр. Құлағым қағыс естіген жоқ па? Бұл өмірдегі бар асылдарын бізге қиналмастан бере салған шынымен Қожаберген бе? Мүмкін емес. О.Көшб. * Ара-тұра, онда да сүттің кезегінде тұрғанда әлдебір қаусаған кемпір-сампырлардың өсек-аяңын қағыс естігенде ғана аяқ-басы бір шұқым боп бүрісіп, жон арқасын әлдекім дырау қамшымен шабақтап жатқандай көңілсіздеу күй кешеді. Қ.Жиенб. * — Батеке, жасыңыз ғана үлкен емес, бір тайпа елдің бетке шығар тұздығысыз. Үлкен адам да жалған сөйлейді екен. Қашан уағыда беріп ем? Әлде құлағыңыздың қағыс еститін мүкісі бар ма? С.Жүн.
