Posted in

ҚАҚПАЙ КӨРДІ

Қағажу көрді, жапа шекті, зәбірленді. * Ешкімнен қақпай көрмей, еркін өскен өткір бала бірбеткей, тік мінез боп ержеткен. Ү.Жәл. Біздің аңсар —ұлы аңсар Қазтуғанның кегіндей. Қамау, қақпай көп көрген тұтқындағы бегімдей, Қырық қылдан өрілген қылқобыздың шегіндей. М.Рай. ~ Осынау  көкейтесті  істерді  қапы  кетірмей үйлестіретін,  көршілес  жұрттардан  қақпай  көрген  керейдің елдігі  мен  бірлігін  сыртқы  жаушылықтан,  ішкі  алтыбақан алауыздықтан  құтқарып  сақтайтын  да  ең  сенімді  тірек биліктің  біліктілігі  мен  бекем  беріктігі.  Ш.Рах.