Posted in

ҚАҚҚЫ ЖЕДІ (КӨРДІ)

Қорлық көрдік, опық жеді. ~ Дегенмен, қара яки қызыл маса, Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша, Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастен құлағына ызыңдаса? А.Байт. ~ Кейін өлең үстіңде Базаралыдан кеудеге соққандай қаққы көріп қалған жерде тақыс ақын қолма-қол құбылды. М.Әу. ~ Қан базар, шашылдың ба гүл жайнаған, Өсіп ек қаққы көрмей шау жайлаған Шабынды олжасы боп құлын тайдан Тұғыр боп кетеміз бе жау жайлаған! М.Әу.