Тіп-тік, түп-түзу, дәлме-дәл, мызғымастай мығым. ~ Күнге күйген өң-жүздері қап-қара, бірақ түстері жылы, қысық көздерімен адамға мейірлене қарайды, «шемішке ал» деп те айтпайды, қаққан шегедей тіп-тік боп отыра береді. Қ.Жиен. ~ Кейіпкерлерінің кейбірін көзіміз көргендіктен, әсерлі. Оқиғасының уақыты нақты, мекені анық, теңеулері шебер ұста қаққан шегедей дәл, ақ басқұрдың өрнегіндей бояуы қанық болуы — тыңдаушыны қызықтырмай қоймайтын. Ү.Жәл. ~ Орысша жазылғанда етікшінің қаққан шегесіндей өз орынында қадалып тұрған мығым сөздер татаршалағанда сәл солқылдақтау шыға ма қалай? Ә.Кек.
