Posted in

ҚАҚҚАНДА ҚАНЫН, СОҚҚАНДА СӨЛІН АЛДЫ

Ұрысты, сабады, жанын шығарды, жерден алып жерге салды. ~ Тынымбай. Оңай ма, жас баланы оқыту — асау үйреткенмен бір есеп қой… Біздің карт марқұм жасында молда болған ғой. Сол кісі айтып отыратын: «Дүниеде бала оқытудан қиын нәрсе жоқ», — деп… Әй, ол кісілер өте керім еді ғой: балалардың қаққанда — қанын, соққанда — сөлін алушы еді… (Ахметқалиға көзі түсіп.) Ау, мынау неғып отыр? Б.Майл. ~ Басына ақ байлаған қай әйелдің де қорқа күтетін бір күні, қуана күтетін бір күні бар емес пе? Бұл қорқа күтетін бір күнінен құтылды. Қызы жанды-жақты, шаруаның қаққанда қанын, соққанда сөлін алатын іскер, пысық тұқымға тап болды. І.Ес. * Екіншіден, сіздің әкеңіз, аға, яғни менің атам, жиырма жыл
болыс болып аз рулы Мұрын-сыбанды қаққанда қанын, соққанда сөлін алған озбыр адам болған. О.Бөк. * Қызы жанды-жақты, шаруаның қаққанда қанын, соққанда сөлін алатын
іскер, пысық тұқымға тап болды. Ә.Кек. * Өзі де бір малын екеу етем деп өз жанын өзі
жеген соры ашылмаған бейшара еді, Оспанға бұйыруын қарашы! Қаққанда қанын, соққаңда
сөлін алып жатқан шығар. О.Бөк. ~ Қайтейiн, маңдайына жазғанын көредi де. Қарғамай,
қаққанда қаныңды, соққанда сөлiңдi алады-ау мына ит әкеңнiң мен өлгесiн қосылатын әйелi!.
Р.Рай. ~ – Сүрінгенге сүйсінбес болар. Кінәлі болса жазасын тартып жатыр екен ғой. Енді
сабасына түсер, – деп Болатбек ысқырып тұрған зәрлі өшпенділікке басу айтпақ еді,
жиналғандар өршеленіп кетті. — Қаққанда қанымызды, соққанда сөлімізді сығып алушы еді.
Сауап болды! C.Олж.