Ортасынан екіге бөлді. ~ Жол бір жерлерде адыр-адыр асуларды, жықпыл-жықпыл жыраларды, шың-шың сайларды қақ жарса, бір жерде таудың жазық төсін тіліп, теңіздей кең даланы кесіп өтеді. І. Жанс.* Бұл не? — деп жүртты қақ жарып жүгіріп жетті нәшендік мелиса Сұржекей. С.Елу. * Ауылдың ортасын қақ жарып, тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Б.Соқ. * Бұл қолыңа қылыш ұстап, жолдағысын жайпап құжынаған жыланның ордасын қақ жарып өтумен парапар еді. Ә.Нұрш.
ҚАҚ ЖАРЫЛДЫ
Екіге бөлінді. * Жұрт қақ жарылып Ләйлімге жол береді. С.Смат. * Сөйтіп, екі жақ таласып, мәселені съездің көпшілігінің шешуіне дауысқа қойды. Съезд қақ жарылып дауыс қылды. С.Сей.
