Posted in

ҚАҚ ЖАРЫМЫ

Тең жартысы. ~ Еліне келсе, елі жүр қорқып, шауып, Қытайға қақ жарымы кеткен ауып. Ең мықты Әжібайға қылғаны анау, Қырар деп, бізді мүлде қылып қауіп. C.Тор. ~ Досыңнан түйе сұрасаң қорыққаннан бие береді, – деп мен тобышақтың жүгімен қақ жарымын сұрадым. Ақсақал қынжылмады. «Балам бөліп, жартысын ал», – дегені. ҚЕ. ~ Екінші айтарым, барлық Азия халықтарының басшы қауымына айтатын бір ғана сұрағым – ол Азия халықтарының қақ жарымы әйелдер турасындағы сұрағым. М.Әу.