Posted in

ҚАҢҒЫРТЫП ЖІБЕРДІ

Айдалаға сандалтты, қуып жіберді; қайыршы қылды. * Ұялғандай көзін сүрте бастаған Қожықты Есеней омыраулай түсіп: – Тый әрмен – әрі көз жасыңды! – деді жекіп, – мықты болсаң әрі жеріңді тартып алып қаңғыртып жіберген, әрі еріңді өлтірген – Шыңғыстан кек ал, әйтпесе, өшір «Қожық» деген атыңды… С.Мұқ. * Командир басымен соғыс боларын білмей мені қиян шетке, қауіпті шекараға әкеліп… енді мына қаңғыртып жібергені. Өзіме де ренжимін. Елден адам таппағандай… Т.Ахт. * Ерегестіріп алды, бір сөзбен бір көшелі ауылды қаңғыртып жіберді, мұнымен тынса жарар, әлі басқа ауылдар да бұдан көресіні көрер деп кұстаналаушылар көп… С.Жүн.