Алып-қашты сөз, өсек-аяң. * Рауза. Соны айт. Қазір байыған жігіттер екі әйел алатын пәле болды ғой. Мына келіншек те Сапардың екінші әйелі шығар. Алқамбай. Қойыңдар, дедім ғой мен сендерге, қойыңдар. Пәленің бәрі осындай қаңқу – саңқу әңгімеден шығады! Ә.Қалд. * Жасыққа қатысты қаңқу-саңқу әңгімелерге қанық болды. Соғыстан қажыған кексе сарбаздар, кембағал болып, иен-тегін шарапқа құнығып, әбден кеуіп … Ә.Уәл. * Ол құлақ етін жер қаңқу саңқу сөзден ғана қашаң тартпаған, қалың тобыр бар жерде болмай қоймайтын жамандық атаулыдан безген, екі қолын төбесіне қойып зәтте бола безген. О.Бөк.
