Ашулы, зәрлі, айбынды. ~ Осы аталмыш залымларды елге жолықтырмай, бір орынға жиып қойып, бір ғаділ адам үй басынан жүріп жауап сұраса, баршалары басынан кешкен оқиғаларын айтар еді. Мағлұм қылғандағы мақсұтым: Ғадалатлы өкімет, ғадалат, марқамат етсе, көп халықтан тәңір жарылғасын алсын деген.Мен мағлүм қылушы сіздерден тіленемін: мені Әбен Матайұғлына білдірмесеңіз екен; Матайұғлының қаһары қатты еді. Мені сау қоймайды ғой. Ж.Айм.~ Зәйімкеге қойылды өрт, Шапты атағы «орысқа», Айналды ұлы дүбірге. Қан жол, қаһары қатты әскер, Қазақ-орыс аттанды. Патша қолатты әскер Тағы Сибирь, Түркстан. Дала айналды тозаққа. І.Жан. ~ Әрине, өкімет алмаған өңір жоқ. Барлық жерде жаңа тәртіп орнап жатыр. Шу бойында кәмпеске әлі басталмапты. Бірақ өкімет адамдарының, ауыл белсенділерінің қаһары қатты көрінеді. М.Мағ.
