Ашуын төкті, зәрленді. ~ Алайда бұл да қайта-қайта ашылып қалып, үкімет қаһарына мініп, Қожекені ұстап, қазіргі Іле аймағы Күре деген жерде отқа қақтап, өлтіріп тынады. Ж.Баб. ~ Мұны естіген Бабас қайғыдан қатты күйіп, қаһарға мінген екен. Қабаштың шашын ұстарамен қырыпты. Сонан соң құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, оң самайдан сол самайына дейін тіледі. Басына жарғақ тұмақ, үстіне айналдырған тон кигізеді де, қолына таяқ ұстатады. Б.Мом. ~ “Ой, мына ақтар бұл дүниеде байдан басқа пәнде жоқтай кедей біткені келемеж етіп, кедейдің қолын жеткізем деп жүрген қызылға қарсы екен” дегенді естігенде мұндағы жатақ болып күн кешіп отырған кедейлер қаҺарына мінді. Б.Жұм.
