Posted in

ҚИСЫНЫ ЖОҚ

Реті жоқ, жөн емес. * Арыстан. Қияс дау, қисыны жоқ егес дау… Жетіру Шектіден, Шекті Жетірудан қыз алмаушы ма еді!.. М.Әу. * «Кедейді бақты деудің қисыны жоқ. Қуарған сорлы жақсы бола ма екен? Онан менің емес пе тамағым тоқ!» Шәк. * Енді бұдан әрі жүгірудің қисыны жоқ, бір сескенген айуан мылтықтың даусы шықпай-ақ жылжып кеткелі тұр. Ә.Марғ. * Телміріп жата берудің қисыны тағы жоқ. Жеті қүн, жеті түн өткенде, Байбөрі мен Аналық үміт-тілекті жетекші етіп, тағы да жолға шықты. А.Сейд. ~ — Ықсан сөз айтса, сен кет әрі болмасаң маған кел деуіңнің еш қисыны жоқ. М.Сүн. * Енді Мұхтар Мағауиннің бұл болмысын жасырудың еш қисыны жоқ және сол сөзді еститін кемел жасқа, мағыналы мөлшерге де келді. Т.Жұрт.