Posted in

ҚИСЫНЫ КЕЛГЕНДЕ

Ыңғайы, сәті келгенде, жолы түскенде. * Бірақ ретін таба алмай, бой тартып, ойын тежейтін де, кейін бір қисыны келгенде көрермін деп ойлайтын. С.Омар. ~ Адалдық — ар таразысы. Құр атқа мініп селтиіп жүргенмен ештеңе бітпейді. Қисыны келгенде қолға күрек алғанның артықшылығы жоқ. Ө.Кәр. ~ Қисыны келгенде бұл әлеуметті дұшпанына қарсы сілтейтін семсер ретінде пайдалануды да көкейіне түйіп қойды. Ә.Ыб.