Мәні кеткен, сиқынан айрылған, берекесі жоқ. ~ Сен қайда жүрсің? Мына қиюы қашқан дүниенің бір шетінде сен бола ма деп жүрсек өзіңді. Әне, анау Әзиевтің тұқым-тұқияны тегіс жиналып тексерушінің тамағына кептелеп жатыр барын. С.Мұр. ~ Бәрібір қиюы қашқан дүние орнына енді түспестей боп кетті ғой. С.См.* Іс оңына басайын десе, қиюы қашқан тірліктің қисынына келуі де оп-оңай екен ғой. Әйтпесе мына құба жонда сүлік қараны теңселте жорғалатып, тербеліп келе жатқан Бөкен кеше кім еді? Д.Әш. ~ Сонша болған жоқ, қиюы қашқан тіршіліктің тағы бір бәтуәсіз оқиғасы оның көз алдынан өте шықты… В.Шук.
- Тозды, ескірді, кенеуі кетті. ~ Ол отыра бергенде шегесі босап қиюы қашқан ағаш орындық ойбайлап қоя берді. Айналасына алара бір қарады, бірақ ешкімге көзі түскен жоқ. Ж.Нәж. ~ Есігінің қиюы қашқан, жабылмайды, қар кіріп, жел азынап бүрсеңдейсің де отырасың… Үйдің іші ыс, кір, асты бұрқылдаған топырақ, көң. Б.Майл.
