Posted in

ҚИЮЫ ҚАШТЫ (КЕТТІ)

Берекеден айрылды; мәнісі болмай қалды; орайы келмеді; сәті түспеді, сәні кетті. * Тірлігімнің қиюы қашып, бәрі де өз ойлағанымдай бола қоймағанына, аз ғана күнкөріске көңіл көншімей жүрген кезім. Ж.Сыдықб. * Қолға алған шаруамның қиюы қашты, шығармашылығым да құнарсыз топырақтай тоқырай бастады. Ә.Асқ. * Әуреленіп қайтесің, шырағым. Мұның өзі қиюы кеткен іс болып тұр… О.Сәрс.

  1. Ескірді, кенеуі кетіп, мұжылды. * Алдыңғы жағын көтермесе жабылмайтын, қиюы қашқан, таспалаған жаман есігін керегенің көзінен қол жүгіртіп ашып, Күнікей үйіне кірді. Ж.Айм. * Ақыры үйіне жеткен ол қиюы кеткен жылауық есігін жаппастан қолына ілінген марқұм шешесінің пальтосын жамылды да, тарс бүркеніп жатып қалды. Қ.Мүб.