Posted in

ҚИЯЛИ БОЛДЫ

Есі ауысты, ақылынан адасты. * Бәтиманың бұл сөзі де маған ұнады. Бір орында көп тұрса — су да бұзылады. Үнемі қамыға берілсе, адам қияли болады. Татьяна қайтқалы көңілім бірде-бір сергіп көрген емес. І.Есен. * Таяқ тастам қарсы алдында ербиіп тұрған кісіні байқап, зәресі зәр түбіне кетті. Қалт тұра қалды. Саусақ ұштары мүздап қоя берді. Ербиіп тұрған кісі өзіне қарсы жүрді. — Жазған бала – ай, әбден қияли боп біттің – ау! — деді. С.Елуб.