Тәтті арман жетегінде кетті. ~ Некеге отырып, отау болғаннан бергі барлық кешірмелерін ой көзінен өткізді. Ұзақ қиялға шомды. Ж.Сәм. ~ Қыз да өңім бе, түсім бе дегендей айран-асыр. Ертеден кешке дейін қалың қиялға шомып, ақыры жігітке ғашық болып қалғанын білді қыз. Ал Джоның халі өзгеше. Дж. Лонд. ~ Алсу дәрігер әйелдің мағыналы сөзін есіне ала отырып қиялға шомды. Ө.Кәр. ~ Күндер өте берді. Сауық кешке бірге бару, қайтарда жарым сағат серуендеп, қиялға шомылып, көк жүзінен бақыт жұлдызын іздеу үйреншікті жайға айналған. К.Жүн. ~ Бөлекше бір қуаныштан жүректері жарылардай алып-ұшқан екеуі түн ауғанша ұйқыны ұмытып, болашақ барар жер, басар тау жайында қиялға бойлаған. Н.Сам.
