Posted in

ҚИЯМЕТТІҢ ҚЫЛ КӨПІРІ

Діни ұғым, ақырзаман. ~ – Біздің қузайтынымыз – жалған ісі емес, ақиреттің ісі… О дүниеде қияметтің қыл көпірі, тозақ оты бар.
Осыны ұмытпаңыз, үкірдай. Қ.Жұм. ~ Перінің көші, жынның ойнағы ма әлде? Қордың қызының, немесе әзәзілдің айғай- шуы
ма? Мүмкін өзі о дүниелік болып кетіп, бейіш пен тозақтың ортасындағы қияметтің қылкөпірінде тұрған шығар? Т.Рыск.

  1. Басқа түскен азапты қиыншылық, ауыр сын сағаты. ~ Өлтіремін, ойламай, тапшы жылдам, Алтау жетеу болмақ жоқ, оным
    қалай? – Қияметтің қыл көпірі қиын жер ме, «Исрафил соры» – деген қызыл жел ме? М.- Ж.Көп. ~ Нағыз қиын кезең енді туғандай.
    Қияметтің қыл көпірі де мұндай болмас. Жұрт демдерін ішіне алып, сілтідей тынып қалыпты… Қ.Жұм.~ Өтеміз, Мөке! Өтпей…
    Өзіңіз шылбыр тастаған соң қияметтің қыл көпірі де бұйым болмайды. С.См.