Posted in

ҚИЯМЕТ ҚАЙЫМ

ҚИЯМЕТ ҚАЙЫМ Діни сенім бойынша ақырзаман күні. ~ Қиямет қайым болғанда «Жаман тайға бола осынша күнәні неге алдың?» деп құдайекең қысатын болса, не деп жауап береді? Ж.Айм. ~ Пайғамбардан кейінгі мен бармын! – деп, Ер Ғалы ерлігімен түрегелді. Дәметпеген тамақтан аш қалады, Қиямет қайым болғанда, тас жанады. М.-Ж.Көп. ~ Дүниеде бар көлдің суреті. Бірақ ол көл қырық күндік жерде… Қиямет қайымның қыл көпірінің ар жағында. Солай. Шакан-Шері!.. М.Мағ.

Басқа түскен ауыртпашылық. ~ Ала қыстай басылып киізше тұтасып нығарланып қалған шөпті аршып алудың өзі қиямет қайым еді. С.Мұр. ~ Жын жайлаған… Ақ жын… Кейде өзі де ие болмай қалады. Ол кеткенде құнысып жатқан орнынан тұрған емес. Келерде тіптен қиямет қайым. Алты қанат ақ орда үй шайқалады. А.Кеңш.