Тосын жүріске жол бермеді, басқан ізін аңдыды, аттап бастырмады, жүргізбей қойды. * Басқа тірліктің барлығын қайырып тастап соны аңдумен алды… ешқайда қия бастырмай қойды… Қ.Мүб. * Соған ерегескенде, мына, аудандағы автоколоннаға кетіп қалайын деп те талай ойлағам, апам көнбеді ғой: «Ел-жұрттан безіп қайда бармақпыз»,- деп қия бастырмайды. C.Мұр. * Бiрақ қыздыңағалары қатал, сақ. Түн баласында Ақмарқаның аяғын қия бастырмайды. Б.Алд.
- Ертеңіне апам ауданға, бастауыш сынып мұғалімдерінің курсына кетті. Үш күн өзімізбен-өзіміз қаламыз. Дариға әпкем мұндайда бізді қия бастырмайды. Е.Жең. * Оның үстіне, жаңа жол бойы көрген шығарсыңдар, ен дала жетпейтіндей, неше жыл өтті, Горькая линиядан бір адым қия бастырмайды. Әбден өлер болдық, – деп казак шалы Шыңғыстармен отырған Ковзолов жаққа жасқана қарады. С.Жүн.
