Дұрыс жүрмеді, ләйліп кетті, жаңылысты. ~ Содан кейін мылтық дауысы шығысымен аяқ-қолын қимылдатып байқайтын болды. Әуелде аяғын қия басса білдірмесіне тиіп кетіп, жарып алатындай, атылып кететіндей, соқтығып, ілініп кететіндей трамбайынан да, пойызынан да үркіп тұрушы еді. Ж.Айм. ~ Бірақ есінде болсын, Тәкежан. Осыдан соң Оразбайды бір бақсам, сенің қия басқан қадамынды екі бағам. Оның сөзіне ергенінді көрсем, бір Тобықты емес, бүкіл қазақ баласы қарғыс айтсын, тоқтарым жоқ. Қасымнан қия басып, Оразбайға кетіп көр. М.Әу. – Қайт шапшаң! Нұрғанымға бұл құдықтан су тимейдi. Алғызбаймын, арамдатпаймын құдығымды. Айта бар! Бұдан былай бұл құдыққа қарай Нұрғаным үшiн аяғын қия басатын кiсi болса, желкесiн қырқамын! – дедi.
