Әлдебір үрдіске дем берді. ~ Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау екенін терең түсінген профессор Кожакеевтің үздіксіз, əрі тынымсыз да мігірсіз тəлім- тəрбиесін көрген сан- алуан қабілетті жастар мен жасамыстар бүгінде егемен еліміздің ұқаралық ақпарат құралдарына басшылық етіп, бүкіл идеологиялық, жұмысты қозғалысқа келтіріп отыр. З.Қаб. ~ – Жақсы, оныңызға жүз процент қосыламын. Жаңа сіз заман ешкімнің тәлкегіне көнбейді
дедіңіз. Пәлсапаның заңына жүгінсек заманды қозғалысқа келтіретін адам екен. Ө.Кәр. ~ Әрине, маятниктің аумалы-төкпелі тіліндей әрқилы пікірлер де болды. Сол маятниктің тілін бір қалыпты қозғалысқа келтіріп, тоқтайтын жерінде тоқтата алған, ең алдымен ақынның талантты творчествосы еді. Ш.Сар
- Орнынан қозғады, қозғалтты. ~ Қажымұқан осылайша бүкіл денесін қозғалысқа келтіріп, артынша тына қалғанда жұрт
ішегін тартып, қиналғандай боп ауыр күрсінді. Кенеттен толқып кетіп, дабырласып, гуілдесті. А.Жақс. ~ Бастағы жоба-
жоспарды жүзеге асыратын, ойлаған ойдан нәтиже шығаруға септесетін аяқ екен. Денені қозғалысқа келтіріп, күнкөріс
күйбеңінде бейнет көретін де сол. Ө.Кәр.
