Posted in

ҚОЗҒАУ САЛДЫ

Әлдебір іске тартты, бастады, жол нұсқады. * Сондай бір сұмдық ой келді басына. Жаны түршікті. Мына бұта бастарын теңсеген жел уілі сол мазасыз ызғар ойға қозғау салғандай. С.Елу. * Өзге үсендіктер Нығмет әулетімен тату болмаса да, мына хабар оларға қозғау салып еді. Б.Мом. ~ Өткенді ойға оралтсам соға ма ауыр? Бір қозғау салып тұрсың санама бұл. Болдың ба жалғандағы жалғыз тірек, Телмірді қоршап сені қоралы ауыл. Н.Айт.