Posted in

ҚОЙДАЙ ЫҚТЫ

Қорықты, қашты, жан сауғалады. ~ Қағбатұлла алдыңнан қарсы шыққан, Мың сан еркек өзіңнен қойдай ыққан. Ілтипат қып сен оған көз салмайсың, Тәкаппарлық болмай ма ұлығлықтан?! М.Ж.Көп. ~ Орыстан біздің қазақ қойдай ықты, Манифест бар дегенді бүктеп тықты. Бар деушіні жазалы қылған жұмыс Әшкере боп ғаламға қайдан шықты?! М.Ж.Көп. ~ Қашуға еш жолы жоқ, қойған тығып, Дүркіреді керуен қойдай ығып. Құлда жүрек бола ма, қан көрмеген? Не қыларын білмеді есі шығып. М.Абайұлы.