Момақан, тірі жанға зияны жоқ, қой аузынан шөп алғысыз ~ Кер заманға кез болдық. Кер айылдап ат мінелік. Кек соқтада жол түсті, ат құйрығын шарт түйелік. Қойдан қоңыр елің бар. Айнала торыған бөрің бар. Сол берінің, арланын амалдап бір көрсек деп келдім. Ғ.Мұст. ~ Ол тосын көзге қойдан қоңыр көрінгенімен, көңілі бір қайтса жуықта қалпына келе қоймайтын, томырық жігіт. Ғ.Мұст. ~ Ондай дос қайда, «нахалдығын» жоғалтып, қарындасымыздың қойдан қоңыр күйеуі болып, домалап жүріп жатыр. Қ.Ысқ. ~ Бірақ, болдырған кезде қойдан қоңыр құландар, тынығып алған соң тік секірген тарпаңдыққа көшпесі бар ма. М.Алмас. ~ Кісі екен Мұқай ағаң дәулет баққан, Тәйжі де әділдікпен жұртқа жаққан. Мінезі Әмет, Құрмет қойдан қоңыр, Дәулеттің арқасында ардақтатқан. БС “Үркін-Қарқын”.
ҚОЙДАН ҚОҢЫР ЖУАС
Биязы, момақан, айтқанға көнгіш. ~ Баянауылдағы милиция бастығының қимылынан осы кезде Баян маңайындағы қазақтар көпшіл тұсындағыдан артық дірілдеп тұр. Бұрын земство билігінде тұрғанда қойдан қоңыр жуас милиция бастығы енді қаталдыққа көпшілдерден кем түспей тұр. С.Сей. ~ Үшкілдір арғы тегің қалмақ еді, Қазақты о да жеңіп алмап еді. Бәрі де қойдан қоңыр жуас болып, Араға сенше бүлік салмап еді. Ә.Тәң.
