ҚОЙДАЙ (ҚОЗЫДАЙ) КӨГЕНДЕДІ (КӨГЕНДЕЛДІ) Тұтқындалды, байлауға түсті. ~ ─ Осы отырысымыздың өзі қам қылғанның арқасы емес пе? – деді Дәуітбай кейи сөйлеп. – Әйтпесе баяғыда кетер ек … Мен жақсымын дегеннің бәрі қойдай көгенделіп кетіп жатыр. Т.Әбд. * Ел бастар серке қайда? Серкелердің сиқы мынау – өздері қойдай көгенделіп, қамауда жатыр. Қ.Жұм. * Найзасына сүйеніп, қозыдай көгенделгендерге жоғарыдан қарап тұр. Ғ.Мүс. * Өмірдің бүршік атар көктеміндей бұл тұста осы жастар орталарын қақ жарып өтіп жатқан осынау майдан жолына көгенделген көп қозыдай болып, соғыс әлегімен сол бір ыстық шақтан алыс қалған. Ә.Нұрш. * Гансу шекарасына қарай көтерілген көшті де, қытайлар бомбылап, қайта көшіріп апарыпты. Ел бастағандарды түгел қойдай көгендеп, Үрімжі түрмесіне жөнелтіпті. Т.Рыс.
