Posted in

ҚОЙҒА ТИГЕН (ШАПҚАН) ҚАСҚЫРДАЙ

ҚОЙҒА КІРГЕН ҚОТЫР ЕШКІДЕЙ Жауын жапыра қуып, аттан салды. ~ Айқай, енді күн қайда? Қойға тиген бөрідей, Жапыра қалмақ қуатын. Құлыны өлген ақ байтал, Енді саған күн қайда, Ондай бала туатын. А.Байт. (“Мамай батыр”). * Екі қолын сыбанып, Қос етегін түрініп, Бұл да айтулы ер еді, Қойға тиген қасқырдай Қызылбасты бүледі. “Қобыланды б.” * Бұл кезде ақбозды жiгiт те қойға тиген арландай сойылын оңды-солды сiлтеп, Байшуақтың екi жiгiтiн ат сауырына аунатқан болатын. К.Сегізб. ~ Әлекедей жаланып, аруақтарын шақыра қиқуға басқан наймандар әп дегеннен қарсыластарын қойға шапқан қасқырдай дүрліктіріп, алғы шептерін бұзып-жарып, тырағайлата қырғын салды. Д.Рам.