Posted in

ҚОЙДАЙ (ҚОЙША) ТОҒЫТЫЛДЫ (ТОҒЫТТЫ)

Бір жерге үйірілді, айдап әкелінді. ~ Жұрттың алды қозғалған соң, суға серкесі түскен қойдай тоғытылып, бірін-бірі іліп алып жөңки бастады, жұрт көбірек босқан сайын үрейленіп, қорқу мен сасу күшейді. Шәк. ~ – Алдыңызда отырған жігіт қазақтарға белгілі, беделді жолдас. Бұның артынын қазақтар серкеге ерген қойдай тоғытылады. Ж.Айм. * Сартылдаған сары аязда суға малшынып дiрдек қаққан қауқарсыз қыз-жiгiттердi ұрып-тепкiлеп, Алаң шетiне бөксесiн тiреп дүрiлдеп тұрған жабық машиналарға қойша тоғытуда. Т.Сәу.