ҚОЙДАЙ (ҚОЙША) ӨРДІ (ӨРІП ЖҮР) Кеңінен жайылды ~ Көкшеде күні кеше қойдай өрген Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да. Айрылып асау, ерке аңдарынан, Көкшенің тас жүрегі жаралы да! Мағжан. ~ Кезінде осы жықпыл- жықпылда оннан- бестен қойдай өріп жүрер тау ризығынан таңдап атып, талғап жеуші еді. К.Сег. ~ Қоңыр аңы қойдай өріп жататын ен даланың да пейілі тарылып, тірі тышқан жолықпайды. Ы.Дәб.
Молынан саналады. ~ Купецтер бар, дворяндар бар… бәрі де бар. Ә, қазақ оларға қарағанда нағыз азият. Қойдай өрген халық. М.Дәу. ~ Ондай- ондайды тізер болсаң – осы ауылда дос дегенің қойдай өріп жүр. Ә.Асқ. * – Оның үстіне сен ақынсың, өлеңдерің гәзет-жорналдардың бетінде қойша өріп жүреді, қаламақыны қапшықтап жинап алатын шығарсың. Ғ.Қаб. * , — Қара жамылғанына жиырма бес жыл болыпты, тоқал ал десем көнбей отыр. Алматыда кемпірлер кешке жақын қойша өріп шығады деуші еді… Қ.Ысқ.
