Posted in

ҚОЙНЫНА АЛМАДЫ

Құшағын ашпады, көңілдес болудан бас тартты, ашыналыққа бармады. ~ Білеміз, бірақ сіз Әлижанды қалай білмейсіз?.. Әлижанның қызын оятып, қойнына алмаған соң, бешпентінің оқасы бар деп, ол оқа патшаның сыйға берген оқа шекпенінікі деп, жала қылып, әурелең протокол қылмап па едіңіз? С.Сей. ~ Заманында ханның баласы сол тазшаның қатынына ғашық болып жүр екен, бір күн түнде келіп, қол салыпты. Қатын қойнына алмағанымен тұрмай, тазшаға айтыпты: – Ханның баласы маған қол салды, – деп. БС. “Тазша бала”. ~ Онсыз да ұрынарға қара таба алмай жүрген қызыл көз әулекі сол түні қойнына алмағаннан кейін аясын ба бұны? С.Ел. ~ Теңдік, әділеттік орнатқан. Сол әділетке әлі бас имей келе жатқан жалғыз Хансұлу… бұл ауылда. Ждақайды мойындағысы келмейді. Бұны адам деп менсінбеді – ау. Әйтпесе, қойнына алар еді ғой… баяғы түні. С.Ел.