Posted in

ҚОЙНЫН АШТЫ

Қарсы алды, ырзашылығын, ықыласын білдірді. ~ Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Абай. ~ Көкшені күндіз-түні мұнар басқан, Қап-қара бұлттармен құшақтасқан. Алдында бұйра жалды бөлек тау тұр, Көкшеге қосылмаққа қойнын ашқан. М.Жұм. ~ Жә! Сол күнде бізге анау қалмақ қоныс бере ме? Қойнын аша ма, осыған не айтасыңдар? М.Әу. ~ — Бұл советтің ырысы бар деймін ғой. Жолы, жөні елге жәйлі болған соң солай ғой. Бағы ассын өзінің. Жауға тиген соққының бірі осы болсын, қысқасы… Кәрі Шыңғыс екеш ол да атой шыққан күндерде ел мен жұрттың көмегіне алтын қойнын ашты десін! – деп, Көшпесбай байсалды сөз айтты. М.Әу.

  1. Әйелге барды. ~ “Жаныма ерткен жiгiтке олжа салып‚ Бiр түнде сегiз қыздың қойнын аштым“. Иманжүсіп. ~ Рас, еңбекті біреу сүйеді, біреу сүймейді. Өзін жек көрген адамға еңбек те өгей шешедей қабағын тас түйіп ап, жібімейді. Ал жақсы көрген кісісіне ол ғашық жарындай ыстық қойнын ашып, тілеген мұратына жеткізеді. «Еңбекті сүйе білгенің, құлыным, — деген әкесі, — өмірдің қуанышын сүйе білгенің. Істер еңбегің таусылмай, қуанышың таусылмайды». І.Ес.
  2. Ажалы келді д.м. ~ Жо-жоқ! Мүмкiн емес! Турасы, өлемiн! Қайран ғазиз әкем. Бәрi бiр ендiгi жақыным өзiңсiң. Сен жатқан қара жер маған да қойнын аша берсiн. Р.Рай.