Қарапайым, ел қатарлы, біреуден ілгері, біреуден кейін тіршілік. ~ Қалбағалай шөлі, қасқалдақты көлі бар ұлан-ғайыр сахараның дәл ортасында озып та кетпей, қалып та қоймай қойторы тірлік кешіп жатқан Құланды әлемдегі бар жаңалық, жақсылық атаулыны арқалап тасыр күре жолдың үстінде отырса да, оқта-текте елегізіп, әлдекімді күткендей елеңдеп, ішқұса күйде жалғызсырары да бар еді. О.Бөк. * Жер басып жүрген соң, көптің бірі болып қойторы тірлік кешу Омар үшін намыс, дүниенің қоры болып сезілетін. О.Бөк. * Шайқастан әбден шаршаған ел қой торы қоңыр тірлікпен ертеңіне – әзірше жұмбақ, бірақ соншалықты сенімді ертеңіне жан ұшыра ұмтылған. О.Бөк.
