Алдына салды, айтқанын істетті, ықтиярсыз жиып алды. * Қойша иiрiп қойып, түйiле сөйлеп, қызыл мата жабылған үстелдi жұдырықтарымен түйгiштеп-түйгiштеп кетедi. Т.Сәу. * Осы үйге сыймай кеттім емес пе, ертегі дегенді қойша иіріп, жылқыша жусаттым. С.Досж. * Дорба ауыз бастығымыз кеше бәрімізді қойша иіріп алып: “Бірінші и ақырғы рет ескертемін: ертеңгі сайлауда “Ошақ” партиясының кәндидатына дауыс бергілерің келмейтіндерің … тайыңдар!” деді. Ғ.Қаб. * … бұлар сынақты қазаққа жасады. Қойша иiрiп қойып ашық далада атом бомбасын жарды. Т.Сәу. ~ Аузы қисайғанды абақтыға айдатудан тайынбай, өңгесін өңменіне итеріп, қойдай иірмеуші ме еді. О.Сәрс. ~ Кейін қызойнақ жасап, мұқым ауылдың тамам жастарын тайлы-тұяғын қалдырмай дүрліктіріп, қойдай иіріп алтыбақан басына айдап әкелгендегі ойы – тағы да Дарханның көбен тартқан көңілін көтеру… О.Бөк.
