Кедергі келтірді. * Мені тірідей тастап кеткенше, көме кет деп қайтып айтам оған сонда. Бұл ғой баланы да ала кетеді. Қолбайлау болмасын деп қалдырар ма екен әлде? Әй, қайдам, елжірегенде етегі жасқа толып үстіне төнісі жаман ғой. Ш.Мұрт. ~ Шофер ұйқысын қандырып, ертеңгі шайдан кейін шықпақшы еді, Ахмет: «Таң қараңғысымен қой айдаймыз, сендер қолбайлау болмай, тезірек жөнеле бергендерің жөн», – деп бой бермеген… Б.Ыбыр. ~ Ал, жоғарғы жақтың дігірі басым. Құдды, мына операцияның тезірек өтуіне жергілікті жердегі өкілдер қолбайлау жасап жатқандай қайта-қайта тықақтай береді. Т.Әлж.
