Posted in

ҚОЛДАН КЕЛЕР

Істей алар, шама жетер. ~ “Төренің” аты Қасен еді. Үш айдай қолында тұрдық. Шығынның бәрі соның мойнында болды. Қиын болды, аядық, бірақ, қолдан келер ешнәрсе болмады. Байдан еңбекті өндіріп алсақ Қасеннің шығынын толығымен қайтарамыз деп, өзімізге серт бердік. Б.Майл. ~ — Болыс дұрыс айтады. Ондай анықтаманы старшыннан алған дұрыс, — деп бастығының сөзін қуаттап шықты. Мына надан топастардың қиянатшыл қылықтарына қынжылғаннан басқа қолдан келер не бар? С.Бег. ~ – Қолдан келер көмек жоқ… – дейді екіншісі. – Ақбай да, Дулат та, біздің Қисық төре де – бәрі бір жақ. Ә.Әлімж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *