Posted in

ҚОЛДАН КЕЛСЕ

Істей алса, шамасы жетсе. ~ Қолдан келсе, халқыңа батырлар ісін жырлайтын, елді қару алып жорыққа шығуға үндейтін Махамбет сияқты жыршы болу керек. Ә.Әлімж. ~ Жалғандықпен шындықты бояғандар, Өмір сәби жылатпай, аялаңдар. Ұзартайық уақытты қолдан келсе, Бейбітшілік жырыменн, ей, адамдар! Қ.Бұғ. ~ Біреулер жүр сатқысы кеп сені де, Атқысы кеп, Қолдан келсе мені де. М.Рай. ~ Ей, Таза Ауа, саған мен, Қолдан келсе жырдан сарай салар да ем, Көзiң болса кереметiме нанар да ең. Ә.Балқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *