Posted in

ҚОЛДАН ШЫҒАРМАДЫ

Иелігінде ұстап қалды, біреуге бермеді. ~ …«балаңызды қаладағы қытайша оқуға берсеңіз нетті»деп айтуға бір оқталды да, бұл жағынан аузы күйіп қалған қарт жалғыз ұлды қолдан шығармасын сезіп, іркіліп қалды. Қ.Жұм. ~ Толстуновтан ауызша айтқан сәлемінде «бүгін мен ертең шыдап берсін, әсіресе, тас жолдың бойындағы Горюныны қолдан шығармай мықты ұстасын» депті. Ә.Нұрш. ~ Пышан қайын ағасының бұл қолқасына қатты қиналып: «Басқа не қаласаң да берейін, ал Құланы қолдан шығара алмаймын», — деп үзілді-кесілді айтқан. Б.Тоғ.

ҚОЛЫНАН ШЫҒАРМАДЫ

Айрылмады, уысынан босатпады, берік ұстады, еркіне жібермеді. ~ Осыған қарағанда, Айғаным анамыз ресми қағаздың құдіретін тым–ақ жақсы білгенге ұқсайды. Ері Уәли ханның мөрін қашан көзі жұмылғанша қолынан шығармауы сонан болса керек. С.Ақт. ~ Байлық пен бектікті қатар өрістетіп, үріп ішіп шайқап төккенін, билік тізгінін ұзақ жыл қолынан шығармай нық ұстағанын, ұстас- қанын алып ұратын әуенкі болғанын былай қойғанда, жақсы ат, қыран бүркіт, сұлу әйелге ынтық серілігі мен мырзалығы- на қоса — Арқа даласын нақышты күймен тербеген ересен домбырашылығы алты алашқа аян. Ө.Кәр. ~ Қалайда мына алынған астықты ақырына дейін қолдан шығармауым керек!» деп түйген Кәрім шал «не істесем екен?» деп арлы-берлі сандалып көп толғанды. С.Ғабб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *