Posted in

ҚОЛДЫ-АЯҚҚА ТҰРМАДЫ

Маза таппады. * Үйткіп үйіріліп, қолды-аяққа тұрмай шыр көбелек айналған ақ шіркей, шыбындар, биллион шіркей, шыбындар… М.Қаб. * Ол кезде маңайдағы ел атағынан шошитын. Тыным-тыныштықты білмеген, барымта, соғыс десе — алағызып қолды-аяққа тұрмайтын қызулы жас болыпты. Жортар мықтылық, батырлығының үстіне, ауызға ілінген найзагер болды десетін. М.Әу. * Жас кезінде көкем шынында да шектен шыққан ерке, қолды- аяққа тұрмайтын мазасыз еді. Жаяу жүрсе, екі иығын жұлып жеп, сермеген қолы айналасын адақтап жүретін. Б.Мом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *