Келіспейтінін білдірді, уәж қайтарды, “мейлі” дегендей болды. ~ Совхоздан бригада келуін күтсек.., — әй, қойшы соны дегендей Құтжан қолын бір-ақ сілтеді. — Қайбір қыз дейсің депті ғой біреу, сондай-ақ жағдайымыз осы. К.Жүн. ~ Ал, «денесі күйсе күйе берсін, көп болса бір қабат терісі түсіп қалар», деп қолын бір-ақ сілтеді онсыз да жанығып тұрған жанкешті жан. Е.Ілім. ~ Дағдарысқан олар жас жігітті райынан қайтаруды ойлап үгіттеп көріп еді, ол қолын бір-ақ сілтеді. Ө.Кәр. ~ Ахмет пен Қараманның ренішіне дудар бас шофер жігіт қолын бір-ақ сілтеді: – Оу, айналайын ағайын-оу, менің не жазығым бар? Айтқыш болсаңдар, Шаханға айтыңдар. Б.Ыбыр.
