Сүйемелдеді, жәрдем берді. ~ Трамвай жақындап қалған екен. Екі жағынан екі әскер қолтығынан демеп мінгізді. Т.Ахт. ~ Медицина! – деді, өзін қолтығынан демеп тұрған медбике Жәмилаға салқын қарап. – Менің төсегім қайда? – Сіздің төсегіңіз әне, – деп Жәмила оны қолтығынан демей түсті. Ғ.Қаб. Нұрбике мұнымен де тынбайды. Уәкіл қайнағасының қамшысын өзі әперіп, сыртқа ере шығып, қазақы салтпен сый қонақты қолтығынан демеп аттандырып салады. Ө.Кәр.
- Қамқорлық жасады, қолдаушы болды. ~”Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ жоқ” дейді. Жаңылған мен сүрінгеннің қолтығынан демеп, азамат қатарына қосып жібермесек, біздің азаматтығымыз, қала берді, тіпті елдік дәстүріміз қайда? О.Сәр. ~ Керек десеңіз, бәлкім, сол сөзсіз бір кезігер, тіпті күндердің күнінде оған міңгесіп те кетермін, деген үмітпен қутыңдаған қуаныш қолтығынан демеп, қол-аяғын жеңілдетіп, қойын-қонышын ыстық леппен аялап та қоятын. Н.Дәу. ~ Оған әр кез қолдау білдіріп, қолтығынан демегендер Юлия босанған соң қатты күйзеліске ұшырағанын айтады. БАҚ
