Posted in

ҚОЛТЫҒЫНА ДЫМ БҮРІКТІ

Біреуді біреуге айдап салды, шағыстырды. ~ Байлар, жарамсақшылар, атқа мінерлер жігіттерге жел беріп, қолтығына дым бүрке берді. Ж.Айм. ~ Міне, осы сенім Қытайдағы орыс эмигранттардың қолтығына дым бүрікті. Ұ.Дос.

  1. Қолпаштап, желіктірді, қайрады. ~ Қыдыш. Уа, сенбейді, Майқан бізді қулыққа салып алдап кетті… Ол шағым ап кетті, елдің жоғын жоқтайды деген бекер деп, тамам елдің қолтығына дым бүркіп апты. М.Әу. ~ «Қойкелдіні қолтығына дым бүркеп құтыртып отырған Қалдан Сереннің өзі. Қалмақтарға арқа сүйеп, оларға қазір салықта төлемейді. Содан әбден дандайсып кеткен. C.Ақт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *