Posted in

ҚОЛТЫҒЫНА КІРДІ

Біреуді паналады; қарамағына енді; қорған тұтты. ~ Жауға намысын жібермейтін ер деген соң түрмеден қашып барып қолтығына кірдім. Ж.Шабдан. ~ Қытайдың қолтығына да кіріп көрдік қой. Дүңгеннің діні бөлек болғанымен, қытаймен тілі бір, былдырласа кетеді. Т.Рыск. ~ «Орынбасар онбасы» алғашында не дерін білмей қалды да, әкемнің қолтығына кіре түсті: – Ой, Жаппар, ой Жәке, мына пәле не тауқымет артып тұр маған?! Қ.Шабд. ~ Мұнан былай жүрерсің, Көп бейнетті көрерсің. Жолыңда бар заңғар тау, Қолтығына кірерсің. “Нұрғазарын”. ~ Қажының малына Қасқыр да қас қылмайтын! Қолтығы астына Кіргеннің бірі едім, «Көңілін қалай да тапсам» – деп жүр едім. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *